КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – құрылымында шоғырланған тасымал үдерісінің діңгегін құрайтын бизнес-бірліктері бар көпсатылы ықпалдасқан көлік холдингі.

Негізгі қызметтен түскен табыс:
0 теңге

Таза пайда:
0 теңге

«Жүйе құрушы инфрақұрылым болып, біз экономиканың тұрақты дамуының оңтайлы көліктік негізін қамтамасыз етеміз және жүк, жолаушылар тасымалы бойынша сапалы және бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық қызметтерді және тораптық теміржол желілерін ұсыну арқылы Жалғыз акционер, тұтынушылар және жалпы қоғам үшін құндылықтар құрамыз».
Бизнес жүргізудің үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес келетін және Жалғыз акционердің талаптарына орындайтын Қазақстанның жоғары тиімді ұлттық көлік корпорациясы.

Біздің тарихымыз

1896

Қазақстан аумағы арқылы өтетін Транссібір магистралінің құрылысы басталды.

1930

Қашықтығы 1 444 км құрайтын Түркістан-Сібір, яғни Транссібір магистралінің құрылысы әрі қарай жалғасты.

1958

КСРО бойынша ең ірі болып табылатын Қазақ темір жолы құрылды.

1997

Алматы, Целинный жне Батыс Қазақстан темір жолдарын біріктіру нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

2004

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды.

«…Бүгінгі күні «Қазақстан темір жолы» жүк айналымы бойынша әлемнің ең ірі темір жолдарының ондығына кіреді және аталған көрсеткіш бойынша ТМД- да екінші орынға ие....»

— Құрметпен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Н.Байдәулетов

ӘРІ ҚАРАЙ ОҚУ

ЖЫЛ ҚОРТЫНДЫСЫ

ТАРАУДЫ ТҮГЕЛ КӨШІРІП БАСУ

2014 жыл ҚОРТЫНДЫСЫ

НЕГІЗГІ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР**



2014 жылдың қорытындысы бойынша компанияның табысы

30 397

млн. теңге

КІРІС

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының табысы 897 562 млн теңгені құрады, бұл 2013 жыл деңгейімен салыстырғанда 2%-ға жоғары болып келеді. Өнімдер сатып, қызмет түрлерін көрсетуден түскен кіріс 881 247 млн теңгеге тең, бұл 2013 жылдың кірісімен (881 247 млн теңге) салыстырғанда 1,3%-ға жоғары. Кіріс өсімі 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүк қозғалысы мен жолаушылар қозғалысындағы тарифтың 7%-ға артуымен, сондай-ақ қосалқы-көмекші қызметтен түсетін табыстың ұсынылатын қызмет түрлері көлемінің көбеюіне байланысты 13,7%-ға артуымен, бөлінген субсидиялардың 3,2%-ға артуымен, салынған айыппұлдардан түсетін табыстың 2 есе артуымен байланысты болды.

Кіріс, барлығы

Шығын, барлығы

Қорытынды табыс


ШЫҒЫН

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының шығыны 867 165 млн теңгені құрады, бұл 2013 жылғы балама кезеңмен салыстырғанда 13,5%- ға жоғары. Сатылған өнім мен көрсетілген қызмет түрлерінің өз бағасы 634 173 млн теңгеге тең. 2013 жылғы балама кезеңмен салыстырғанда (575 433 млн теңге) аталған көрсеткіш 10,2%-ға көбейген. Өткен жыл деңгейіне қатысты алғанда шығын көлемінің артуы негізінен 2013 жылдың 1 желтоқсанынан бастап компаниялар тобы жұмысшыларының еңбек жалақысына арналған қаржының көбеюімен («ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның ұжымы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған Ұжымдық келісім шарттарының орындалуы),

сондай-ақ 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап өндірістік қызметкерлер құрамы жұмысшылары жалақысының 10%-ға көтерілуімен; пойыздарды жетекке алуға арналған электр энергиясы көлемінің артуы, сонымен қатар бағаның 10,8%-ға қымбаттауымен; дизель отыны құнының 10,2%-ға қымбаттауына байланысты отырға кететін шығын көлемінің артуымен; негізгі құрал-жабдықтың жаңа объектілерін пайдалануға беру, оның жұмысы мен қызмет ақысын төленуге кететін шығынның артуымен, сондай-ақ қаржыландыруға арналған шығынның қосымша қарыз тарту арқылы артуымен байланысты болды.

2014 жылы жағымсыз сыртқы фактор- лар Қазақстан экономикасының дамуына айтарлықтай ықпал етті. Қазақстан экспор- тының негізгі номенклатурасына деген сұраныстың азаюына себеп негізгі халықаралық нарықтарда тасымал көлемі қысқарды.
Аталған көлемнің азаюына геосаяси тұрақсыздық және Қазақстан мен Қазақстан аумағы арқылы тауар ағымдарының транзитін жүзеге асыратын Орталық Азия елдерінің негізгі сауда серіктесі Ресейге қатысты санкциялық саясат та ықпал етті.

Ізгі құрметпен,
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті А.Мамин

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ

ТАРАУДЫ ТҮГЕЛ КӨШІРІП БАСУ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ инвестициялық қызметі темір- жол көлігінің тұрақты қызметін қамтамасыз ету, тасымалдау қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігін жоғарлату бойынша іс- шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының 2014 жылға арналған Дамуға бағытталған шығын жоспары «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылдың 14 қыркүйегіндегі №9 хаттама) 471 103 млн теңге көлемінде бекітілді. Бұған 451 720 млн теңге көлеміндегі капитал салым да кіреді.

Қордың Индустриалды-инновациялық саясатының талаптарына сәйкес Ұлттық ком- паниялар жыл сайын инновациялық қызмет бойынша қорытынды есеп ұсынады.

Өткен жылғы Инновациялық-технологиялық даму рейтингі 88,5 балды құрады (2013 жылы рейтинг көрсеткіші 77,14 балл болды).

2014 жылы жасалған іс-шаралар қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың жалпы санын азайтуға мүмкіндік берді.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Адамдарға қамқорлық, олардың амандығы, әлеуметтік қолдау мәселелерін шешу және нәтижесіндегі, қызметкерлердің өмір сапасының жоғарлауы «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік шығындар бюджетін тиімді пай- далану және қызметкерлерді ынталандыру мақстаныда қызметкер әлеуметтік пакетін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2012-2014 жылдарға арналған Ұжымдық келісім-шартың орындалу мзімінде қызметкер әлеуметтік пакетін кеңейтетін жеті қосымша келісім бекітілді. Баланың дүниеге келуі, айтулы күннің тууы, теміржол көлігі жол шығынының ақысын қайтару, тіс протез- деу секілді дәстүрлі ақылармен қатар Білім күніне (1 қыркүйек) көмек, мүгедек баласы бар қызметкерлерге Мүгедектер күнінде көмек, неке қиған жас қызметкерлерге көмек, сонымен қатар Жастар күніне көмек секілді қосымша материалдық жәрдем түрлері қосылды, сонымен қатар алдын-ала ескерілмеген шығын пайда болған жағдайда қызметкерлерге 200 АЕК көлемінде төлем берілетін болды. Аталған бағытта жұмыс тұрақты түрде жүріп отырады.

ТАРАУДЫ ТҮГЕЛ КӨШІРІП БАСУ

Қызметкерлер құрамы – бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ маңызды активтерінің бірі. Кадрлық саясат стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін нарықтың өзгеруші талаптарына өз уақытында әрекет етуге қабілетті, жоғары нәтижелі және ұйымшыл ұжымды қалыптастыруға бағытталған.
Қызметкерлер құрамын есепке алу айқындығын және жылдамдығын арттыру мақсатында 2014 жылы Компанияның барлық бөлімшелерінде қызметкерлер құрамын басқарудың автоматтандырылған SAP HCM жүйесінің базалық функционалы орнатылды.
Өз уақытында өзгеріп отыратын нарық талаптарына орай әрекет ететін және стратегиялық міндеттерді орындайтын өнімділігі жоғары және бірлігі мықты ұжым қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс «ҚТЖ» ҰК» АҚ Кадр саясатына негізделеді. Кадр саясатының басым бағыттарының бірі – қызметкерлер құрамын мақсатты түре дамытып отыру

ТАРАУДЫ ТҮГЕЛ КӨШІРІП БАСУ

Қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жа- сау үшін жоспарланған қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кешенді шаралар 2014 жылы толық көлемде орындалды. Аталған шараларды орындауға бөлінген 2 млрд 522 млн теңге көлемінде қаржы игерілді.
Қазіргі уақытта Компаниялар тобындағы экологиялық қауіпсіздік атмосфераны ластайтын залалды заттардың шығарылуының 4%-ға артуымен сипатталады (21,0 мың тон- надан 21,9 мың тоннаға дейін).
Табиғатты қорғау шараларын орындау барысында 888,6 млн теңге қаржы игеріл- ді (жоспарланған сома 920,1 млн теңге, 96,5%-ы игерілді). Шаралар қажетті тазалау құрылғылары арқылы залалды заттар шығару көздерін тазалауға, тазалау құрылғыларын қалпына келтіруге, нормативті-экологиялық құдаттама жасауға және тағы басқаларға бағытталды

ТАРАУДЫ ТҮГЕЛ КӨШІРІП БАСУ

ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2015 жылы КОМПАНИЯ


2015 жылға арналған күрделі салымдардың АҚ «ҚТЖ» ҰК «АҚ компаниялар тобы жоспары болып табылады:

364 247

млн. теңге

Компания 2015 жылы келесі өндірістік-қаржылық
көрсеткіштерге қол жеткізеді деп болжануда:

205 467

млн.т-шқ

тарифтік жүк айналымы

18 643

млн.жол-шқ

жолаушылар айналымы


АҚ «ҚТЖ» ҰК «АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы түсім мөлшерінде жоспарланып отыр

867,9

млрд теңге

Мемлекеттік субсидиялар сомасына жобаланады


23,3

млрд теңге

Ағымдағы қызметі туралы жалпы шығыстар мөлшерінде жоспарланады

820,3

млрд теңге

Таза табыс болжануда



26,4

млрд теңге
ТАРАУДЫ ТҮГЕЛ КӨШІРІП БАСУ

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК

"ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Компания») басшылығы 2014 ж. 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары («ХҚЕС») жөніндегі комитет шығарған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Компания мен оның еншілес ұйымдарының қаржылық жағдайын, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген күні аяқталған жыл ішіндегі Компания қызметінің нәтижелерін, ақша қаражатының қозғалысын және капиталындағы өзгерістерді шынайы көрсететін шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға жауап береді.
2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша Топтың шоғырландырылған қаржылық есебі 2015 жылдың 13 наурызында басшылықпен бекітілді.

ТАРАУДЫ ТҮГЕЛ КӨШІРІП БАСУ

БАЙЛАНЫС

Біздің мекенжайымыз::
010000, Қазақстан Республикасы
Астана қ., Д. Қонаев көш., 6

Анықтама қызметі:
+7 (7172) 93-01-13

email:
temirzhol@railways.kz